Меню KDT

Хабарлар 
 

ХАТТАМА №2 Қамқоршылық кеңесінің отырысы

ХАТТАМА №2
Қамқоршылық кеңесінің отырысы

 

 «04» қаңтар 2019ж.                                                                                                              

 

 

Төрағасының аты-жөні: Аяганов У.К.

Хатшының аты-жөні: Абдрахманова Ж.З.

Қатысқандар:

  1. Аяганов У.К. – Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
  2. Балтабаев Ө.К. - «Егемендік» ЖШС
  3. Темирбулатов Д.Т. – «Олжас» ШҚ
  4. Баяганов М.К. – «Кеңес» ШҚ
  5. Мухотчин Ж.Б. – «Май агро» ЖШС өкілі
  6. Абдрахманова Ж.З. – ата-аналар ,кеңес төрағасының орынбасары
  7. Нурмаганбетова К.А. – Май с/о бас маманы
  8. Темирбулатова А. – ата-аналар комитеті
  9. Абдрахманова З. – ата-аналар комитеті

Күн тәртібінде:

  1. Білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы.
  2. Қайырымдылық көмектің жұмсалуы.

Тыңдалды:

   Жукенова Гүлмира Мұратқызы, мектеп директоры:                                        

                               (аты-жөні,лауазымы)                                                                                    (сөзінің қысқаша мазмұны)

         Май орта мектебі бойынша І жарты жылдықта барлығы 64 оқушы. Педагогтар саны 23.

         І жарты жылдық бойынша мемлекеттік білім беру стандарты  бойынша оқу бағдарламасы орындалды. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы 61,5%. Жалпы мектепішілік бақылау жоспары бойынша қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих, математика пәндерінен 6,7,9 сыныптарда жалпы сыныптық бақылау жүргізілді. ІІ тоқсан соңында 4,9,10 сыныптардан пәндер бойынша тест алынды. Алынған тест қорытындысы бойынша математика, физика пәндерінен білім сапасын жақсарту бойынша қосымша жұмыс жүргізу қажет екендігі байқалды. Осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр.

ҰБТ тапсыратын барлығы 6 оқушы, қазіргі уақыттағы сынақ тестілеуі бойынша сапасы 86,6 %.

         Мектеп жанындағы корт қорапшасына «Егемендік» ЖШС демеушілігімен 20 куб, ал «Май агро» ЖШС 16 куб су құйды.      

         Аудан әкімінің шыршасына аз қамтылған және көп балалы отбасынан Турсунова К. мен Аменов А. «Олжас» ШҚ демеушілігімен барып келді. Аталған оқушыларға жаңа жылдық костьюм сатып әперді.

         Жаңа жылдық мерекеге арналған ертеңгіліктерге демеушілер тарапынан 81 дана тәтті сыйлыққа толы қораптар берілді. Аталған сыйлықтар «Ақбота» шағын орталығы тәрбиеленушілері және 0-11 сынып оқушыларына таратылды.

Сөз алғандар:

  1. Аяганов У.К. – Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы,

Қамқорлық кеңесінің төрағасы:

                  (аты-жөні,лауазымы)                                                                                    (сөзінің қысқаша мазмұны)

         Білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Ата-аналар қазіргі уақытта мектеппен тығыз байланыс жасауда.  Округ бойынша жұмыс атқарып жатқан шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер одан әрі мектепке демеушілігін жалғастыра бермек.

 

Қаулы қабылдады:

1.1. Білім сапасын одан әрі жақсарту бойынша қосымша жұмыстар жүргізу.

1.2.  Қайырымдылық көмектің көлемін ұлғайту үшін қосымша демеушілер тарту, олармен жұмыс жүргізу.

 

 

         Төраға                                      Аяганов У.К.

         Хатшы                                     Абдрахманова Ж.З.



Просмотров: 259

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры: Даукенов Раимбек Талгатбекович

Опрос

Статистика

  • Осы айда10
  • Осы аптада3
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки